KzylOrda - ни дня без инсайда

Қазақстанда фастфуд Ресей мен Оңтүстік Кореядан қымбат

LS тілшісі қазақстандықтардың мейрамханалардағы шығындарын зерттеп, оларды басқа елдермен салыстырды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, соңғы бір жылда (2024-2025 жылғы ақпан аралығы) қазақстандықтар үшін қоғамдық тамақтану қызметтері 10,8%-ға қымбаттаған. Мейрамханадағы түскі ас бағасы 9%-ға, ал фастфуд 12,7%-ға өскен.

Ал Numbeo деректеріне сүйенсек, орташа санаттағы мейрамханада екі адамға арналған түскі ас қазақстандықтарға шамамен 15 мың теңгеге түседі.

Ал фастфуд немесе комбо-ас мәзірі бір адамға 3,3 мың теңге тұрады. Егер көрші елдердегі бағалармен салыстырсақ, қазақстандықтар көше тағамы үшін Ресей (2,4 мың теңге), Беларусь (2,7 мың теңге), Қырғызстан (2,8 мың теңге), Өзбекстан (2 мың теңге), Қытай (2,4 мың теңге) тұрғындарына қарағанда көбірек ақша жұмсайды.

Қазақстан мейрамханаларында екі адамға арналған үш тағамнан тұратын кешкі ас бағасы жоғары. Ресейде (17,6 мың теңге) және Беларусьта (15,3 мың теңге) бұл сәл қымбат болғанымен, басқа көрші елдерде мұндай ас арзанырақ.

На верх