KzylOrda - ни дня без инсайда

Қазақстанда депозиттер бойынша шекті сыйақы мөлшерлемесі бекітілді

Депозиттер бойынша өзгерістер белгілі болды.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) теңгелік депозиттердің бойынша 2023 жылдың қыркүйек пен қазан айларына арналған шекті сыйақы мөлшерлемелерін бекітті, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры екінші деңгейдегі банктер өздерінің депозиттік өнімдеріне қатысты сыйақы мөлшерлемелерінің көлемі қандай болатындығы туралы шешімді өз бетімен қабылдайтындықтарын еске салады. Банктер өтімділікке қатысты қажеттіліктеріне қарай, сондай-ақ қаржылық және экономикалық ахуалдарға берілетін ішкі бағаларды ескере отырып, өздерінің депозиттік өнімдері бойынша басқа сыйақы мөлшерлемелерін белгілеуге құқылы. Ол ҚДКБҚ бекіткен шекті сыйақы мөлшерлемелерінен айтарлықтай ерекше болуы мүмкін", — делінген хабарламада.

На верх