KzylOrda - ни дня без инсайда

4 облыстың республикалық маңызы бар жолдарында қозғалыс шектелді

ҚазАвтоЖол ұлттық операторы ауа-райының қолайсыздығы салдарынан 4 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың учаскелерінде қозғалыс шектелгенін мәлімдеді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Құрметті республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар! 29 желтоқсан сағат 11.00-дегі ахуалға сай, ауа-райының қолайсыздығы салдарынан 4 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді", — делінген хабарламада.

Қар аралас жаңбыр, екпінді жел және жолдың көрінбеуіне байланысты шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.

Қазір республикалық маңызы бар автожолдарда 407 бірлік техника жұмыс істеп жатыр

На верх