KzylOrda - ни дня без инсайда

15 қараша – Ұлттық валюта күні: теңгенің қолданысқа енгізілгеніне 30 жыл толды

Қазақ теңгесі 1993 жылы Англияның "De La Rue" фабрикасында басылды.

Бүгін Қазақстан Ұлттық валютасының қолданысқа енгізілгеніне 30 жыл толды. Төл теңгеміздің тарихы сонау 1993 жылдың 15 қарашасынан бастау алады. Sputnik Қазақстан теңгенің кешегісі мен бүгінгісін зерделеп шықты.

"Теңге" атауы "денге" немесе "таньга" сөзінен шыққан. Бұл – орта ғасырдағы түркі күміс монеталарының тарихи атауы. Бұл атауды академик Сауық Тәкежанов ұсынды. Сауық Темірбекұлы Тәкежанов – Халықаралық инженерлер академиясының академигі, белгілі ғалым, КСРО мемлекеттік сыйлығының және "Құрмет" орденінің иегері.

Теңгенің пайда болуы

1992 жылы 27 тамызда Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ертесіне қазақ валютасын өмірге әкелген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанды. Дәл осы жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді. Ұлттық теңгеміз Ұлыбританияда басылып шықты.

Ал 1993 жылы 12 қарашада сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы" жарлыққа қол қойды.

Сонымен 1993 жылдың 15 қарашасында тарихи оқиға – Тәуелсіз Қазақстан Республикасының төл валютасы айналымға енді. Араға 4 жыл салып, 1997 жылы президент жарлығымен 15 қараша төл валютамыздың айналымға енген күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.

Банкнот фабрикасы қалай құрылды

Алғашқы банкноталар Англияда басылып шықты. Қаражатты үнемдеу мақсатында "Гидромаш" АҚ зауыты корпусының бірін банкнот өндіру үшін қайта жаңарту туралы шешім қабылданды. Бұл өндіріс орнын жаңадан салғанға дейінгі шара еді.

"1995 жылғы 19 мамырда банкнота өндірісіне қажетті база құрылғаннан кейін Банкнот фабрикасы ресми түрде ашылды. Сол жылы 83 миллионнан астам, бір жылдан кейін 104 миллионнан астам банкнота шықты. Ал 1997 жылы Банкнота фабрикасы Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорты мен жеке куәлігін шығара бастады" — дейді Ұлттық банк мамандары.

Қазіргі күні көпжылдық тәжірибенің арқасында Банкнота фабрикасы банкнота шығару ісін толығымен жолға қойды. Банкноталар сапа мен технологияның барлық әлемдік стандартына жауап береді.

Ұлттық валюта монеталары Қазақстан монета сарайында 1992 жылы Өскемен қаласындағы Үлбі металлургия зауытының базасында құрылды. Монеталардың алғашқы партиясы 1993 жылы шығарылды. Кәсіпорын түсті металдардан, алтыннан және күмістен ұлттық валюта монеталарын шығаруға байланысты Ұлттық банктің тапсырыстарын орындайды.

"Бұлар – айналымдағы әртүрлі номиналдағы монеталар, естелік, коллекциялық монеталар. Соның ішінде диаметрі 100 мм және салмағы 2 килограмға дейінгі proof сападағы бағалы металдардан жасалған бірегей бұйымдар да бар. Монета сарайы сонымен қатар мемлекеттік наградалар мен медальдар да шығарады", — деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Қазақстан монета сарайында тек теңге ғана емес, алыс-жақын шет мемлекеттердің тапсырысымен де монеталар әзірленеді.

Теңге банкноттарының ерекшелігі

Ұлттық банктің мәліметінше, Қазақстан теңгесі – әлемдегі ең жақсы қорғалған валюталардың бірі. Мысалға 20 000 теңгелік Қазақстан банкнотасы ең жақсы қорғалған банкнота болып саналады. Бұл валюта негізі 2022 жылғы 1 қазанда айналымға шыққан. Банкнотаның 25 қорғаныш элементі бар.

"Халықаралық банкнота қоғамдастығы (International Bank Note Society) 3 жыл қатарынан, 2011 жылдан 2013 жылға дейін қорғаныш элементтеріндегі қайталанбас дизайн мен ұтымды шешімдер үшін Қазақстан банкноталарын әлем бойынша үздік деп таныды", – деп хабарлады Ұлттық банк.

Қазақстан 3 жыл қатарынан марапат алды. 1961 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан ұйымның тарихында бір елдің үш рет марапат алуы бұрын-соңды болмаған. Жалпы, Қазақстан банкноталары әлем бойынша қорғалу жағынан әрі әдемілік сипатынан халықаралық аренадағы 10-нан астам марапатқа ие болды.

Ұлттық валюта банкноталары ерекше шықырлайтын арнайы қағазға басылған. Егер банкнотаны саусағыңызбен сипап көрсеңіз, рельефті сезіне аласыз. Бұл – арнайы баспа техникасы.

Теңге қорғалған әрі әдемі банкноталардың бірі ретінде 10-нан астам марапатқа ие болды — Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2023

Теңге қорғалған әрі әдемі банкноталардың бірі ретінде 10-нан астам марапатқа ие болды

© Photo : Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Барлық банкнотада көру қабілеті нашар адамдарға арналған ерекше рельефті элемент-белгілер бар.

Теңге қорғалған әрі әдемі банкноталардың бірі ретінде 10-нан астам марапатқа ие болды — Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2023

Теңге қорғалған әрі әдемі банкноталардың бірі ретінде 10-нан астам марапатқа ие болды

© Photo : Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Жарыққа ұстағанда көрінетін ерекше белгі – банкнота номиналының сандық бейнесі бар.

Теңге қорғалған әрі әдемі банкноталардың бірі ретінде 10-нан астам марапатқа ие болды — Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2023

Теңге қорғалған әрі әдемі банкноталардың бірі ретінде 10-нан астам марапатқа ие болды

© Photo : Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Банкнотадағы үзік сызық түріндегі біртұтас магнит жолаққа да назар аудару керек, жарыққа ұстап қарағанда, тұтас жолақ жазуымен анық көрінеді.

Теңге қорғалған әрі әдемі банкноталардың бірі ретінде 10-нан астам марапатқа ие болды — Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2023

Теңге қорғалған әрі әдемі банкноталардың бірі ретінде 10-нан астам марапатқа ие болды

© Photo : Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Банкнотаны аударып көру керек. Номиналы 1 000-нан 20 000 теңгеге дейінгі банкноталарда түсі өзгеретін бояумен салынған суреттер бар. Банкнотаға түрлі бұрыштан қарасаңыз, суреттердің түсі де жасылдан алтын түске дейін құбылады.

Теңге қорғалған әрі әдемі банкноталардың бірі ретінде 10-нан астам марапатқа ие болды — Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2023

Теңге қорғалған әрі әдемі банкноталардың бірі ретінде 10-нан астам марапатқа ие болды

© Photo : Ұлттық банктің баспасөз қызметі

2022 жылғы номиналы 20 000 теңгелік банкнотада арнайы голографиялық жолақ бар. Жолақтың түсі құбылмалы және динамикалық әсері бар.

Теңге қорғалған әрі әдемі банкноталардың бірі ретінде 10-нан астам марапатқа ие болды — Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2023

Теңге қорғалған әрі әдемі банкноталардың бірі ретінде 10-нан астам марапатқа ие болды

© Photo : Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Қазақтың төл теңгесі қандай марапатқа ие болды

2000 жылдан бері Қазақстан монета сарайы мен Ұлттық банк жыл сайын халықаралық конкурстарға қатысып, әртүрлі номинациялар бойынша 20-дан астам марапатқа ие болыпты.

"Қазақстан монеталары әлемдік каталогтарға енген, нумизматикалық құндылыққа ие. Бүгінде олардың кейбірі, мысалы, алты мың дана тиражбен Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толуына орай соғылған күміс монета тек отандық қана емес, әлемдік нарықта да расымен сирек кездеседі", — дейді банктің баспасөзі қызметі.

Сонымен қатар "петроглифтер", "Қызыл кітап" сериясындағы монета коллекцияларына, "әлемдегі ең кішкентай алтын монеталар" сериясындағы алтын монеталарға, сондай-ақ FIFA халықаралық ұйымы және Афина, Туриндегі олимпиадалар үшін Халықаралық олимпиада комитеті тапсырыс берген спорт сериясының монеталарына сұраныс айтарлықтай өсті.

Биылғы 3 ақпанда Берлиндегі Медиа-форумда World Money Fair дүниежүзілік ақша конференциясында BALQASH ALABUǴASY Қазақстан монетасының премьерасы өтті. Бұл монетаның дизайн концепциясын әзірлеген кезде Ұлттық банк мамандары тың технологияларды қолдану туралы шешім қабылдады. Қазақстан монета сарайы күрделі рельефті 3D технологиясын қолдана отырып, инновациялық монетаны сынақтан өткізді.

На верх