KzylOrda - ни дня без инсайда

"Өтірікші, шовинист және қазақофоб": Қазақ тілі туралы айтқан пікірін қате санамайтынын мәлімдеген Мухоряповтың басы тағы да дауға қалды

Қазақ тіліне қатысты даулы оқиғадан кейін кәсіпкер Рамиль Мухоряпов бірінші рет сұхбат берді.

Сұхбатты көрген қазақстандықтардың басым көпшілігі оның әлі де өз қатесін дұрыс түсінбегенін айтуда.

Рамиль Мухоряповтың қазақ тілі туралы пікіріне наразылық танытып жатқандардың бірі — PR менеджер Назым Жангазинова.

Бұл туралды ол өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Жақында Рамиль Мухоряповтың сұхбаты шықты. Сұхбатта ол Қазақстанда өз ана тілінде сөйлегісі келетіндерді ақыл-ойы төмен адамдар деген пікірін қате деп санамайтынын айтқан. Ол бұл пікірін айтқан кезде желі қолданушылары жаппай Мухоряповтың иелігіндегі компанияның өнімдерінен бас тартқан еді.

Мухоряповтың өнімдерінен жұрт жаппай бас тартып, олардың банкротқа ұшырау қаупі болды. Сол кезде Мухоряпов және оның командасы оның дәйексөзі контекстен алынып тасталғанын, содан біз оны дұрыс түсінбегенімізді, оның негізгі жеткізбек ойы бұл болмағанын айтқан еді.
Ал жанжал сәл ұмытыла бастаған кезде, ол басқаша сөйлеп отыр.

Осылайша, мен тек екі қорытынды жасай аламын.

Біріншісі, ол сіздің қазақтардың тілі мен мәдениетін ілгерілетуге деген ұмтылысыңыз интеллекттің төмен болуына байланысты жанама әсер ететініне толық сенімді. Яғни, әу баста-ақ ол ештеңені шатастырмаған. Ал, ойымды дұрыс жеткізбедім деген сөздерінің бәрі қалтасындағы қаржысын құтқару мақсатында айтылған.
Екінші қорытынды, егер біз өз тілімізді алға шығарып олтырған ақымақ болсақ, ол патологиялық өтірікші, шовинист және қазақофоб. Жұмсартып айтқанда, тек паталогиялық өтірікші ғана өз сөздерінен бас тартап,айналасы тынышталғаннан кейін, өзінің алғашқы мәлімдемесіне оралады. Тек шовинист ғана бірнеше адамды кеңсеге апару үшін өз отандастарын қашып кеткен "мамандардың" алдында қорлай алады.

Қай уақыттан бері бір тіл білу екі тіл білуден жақсы?
Қай кезден бастап адамның ана тілін жұмсақ, агрессивті емес тәсілдермен дамытуға негізделген позициясы ақымақтық болып табылады?

Бұл орыс шовинистері мен қазақофобтары насихаттайтын ұғымдардың ауысуы. Питондағы жолды дұрыс жаза білу сізді тек сіз сияқты адамдар арасында ақылды және бәсекеге қабілетті етеді, бірақ гуманитарлық мәселелер туралы ойланған кезіңізде сіздің пікіріңізді абыройлы етпейді.Шотыңыздағы миллион доллардың болуы да сізді басқаларға қарағанда ақылды етпейді.

Сонымен қатар, мұндай ұстаным қазақ тілді ортадан тыс жерде жалпы қабылданған ұстаным болып табылатынын атап өту маңызды. Бұл жағдайда Мухоряпов өзінің айналасындағылардың ойын білдіріп тұр. Бұл халықты "ақымақ" және "ақылды"деп бөлетін мәселелердің тамыры. Бұл біздің қоғамның қазіргі заманғы қасіреті, онымен жұмыс істеу ғана емес, күресу де керек", — деп жазды Назым Жангазинова.

Айта кету керек, аталмыш сұхбатта Мухоряповтың өзі даулы оқиға оның кәсібіне еш зиян тигізбегенін, әріптестерінің барлығы керісінше қолдау көрсеткенін айтқан.

На верх