Дастан Сатпаев – УЕФА Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас ойыншылардың үздік үштігінде
Данияда өткен «Копенгагенге» қарсы 5-тур ойынында (2:3) «Қайрат» Академиясының түлегі Еуропаның басты клубтық жарысында алғашқы голын соқты. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі «Қайрат» ФК сілтеме жасап хабарлайды.
Гол соққан сәтте Дастанның жасы 17 жас 110 күн еді – бұл көрсеткіш бойынша ол тек «Барселона» футболшыларына ғана жол береді.
Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас ойыншылар ТОП-3*:
1️⃣ Ансу Фати («Барселона») – 17 жас 40 күн
2️⃣ Ламин Ямаль («Барселона») – 17 жас 68 күн
3️⃣ Дастан Сатпаев («Қайрат») – 17 жас 110 күн
* – Тізімге тек топтық кезеңнен бастап соғылған голдар енгізілді.
Бұл гол Дастанға тағы бір маңызды жетістік әкелді – ол Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде гол соққан алғашқы қазақстандық ойыншы атанды.




