Аягөз ауданында жергілікті ауқымдағы ТЖ-ды жарияланды

Аягөз өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты көпірдің жол төсемі шайылып кетті.
Қазіргі уақытта көпір арқылы көлік қатынасы тоқтатылған. Сонымен қатар, басқа айналма көлік жолдары арқылы елді-мекенмен байланысты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Полиция департаментінің қызметкерлері шектеу белгілерін қойып, кезекшілік ұйымдастырды.
Халықты Аягөз өзені арқылы өткізуді жүзеге асыру үшін ТЖД қызметкерлері жіберілді, олар қажет болған жағдайда жүзу құралдарының көмегімен өткелдік жұмыстарды жүзеге асыратын болады.
Қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Аягөз ауданының әкімдігі жергілікті ауқымдағы ТЖ-ды жариялады.
Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі