Қазақстанда жасалған: бизнесіңді ашып, оны табысты етудің жолы қандай
![](/media/k2/items/cache/d114bcc3820cb31d67e88c27ec8f686f_L.jpg)
Бизнесіңді ашып, оны табысты етудің жолы қандай
Танысып қойыңыздар, біздің кейіпкерлер – бір-біріне мүлдем ұқсамайтын істің, тағдырдың адамдары, әр түрлі жастағы батыл, ынталы, өз ісіне берік жандар. Бұл материал өз ісін ашуға ниетті, бірақ әлі күнге дейін батылдығы жетпей жүрген адамдар үшін ынталандыру болмақ.
- Елена Валентиновна Вишневская
57 жаста – декор, тігін және кестелеу студиясы – онлайн-ателье
Жолдасым – әскери адам. Қызметтік борышын өтеу үшін ұдайы бір жерден екінші жерге көшіп жүретінбіз. Сол себепті жұмыста да бір орында тұрақтамадым, тіпті жұмыс істемеген кезім де болды. Жолдасым зейнетке шыққан соң ол маған: үйде отыр, ештеңемен айналыспай-ақ қой, зейнетақым бәріне жетеді деді.
Ол кезде жасым 50-ге толған еді. Бір орында отыра алмайтын мінезім бар болғандықтан, оның ұсынысын орындау мен үшін мүмкін емес еді: осылайша жұмыс іздей бастадым. Мамандығымды, түрлі салада, оның ішінде банк саласында да жұмыс істегенімді ескеріп, жұмыс табу қиынға соға қоймас деп ойладым. Бірақ мені жұмысқа ешкім ала қоймады. Тіпті себебін де айтпайтын. Бірақ бір жұмыс орны: сіздің тәжірибеңізге қарап, жұмысқа қуана алар едік, бірақ жасыңыз келіп қалыпты, деді. Сол кезде отырып алып: қолымнан не келеді деп бас қатырдым. 50 жасқа толғаныма жолдасым 500 000 теңге сыйға тартып, өзіңе ұнайтын сыйлық ал деп айтқан болатын. Дәл осы ақша менің бастапқы капиталым болды.
Пандемия кезінде перзентханадағы әйелдер менің хабарламамды оқып, артынша палаталас әйелдер де маған жүгіне бастады. Осылайша менің алғашқы сатылымдарым басталды: біреу жөргек, біреу төсек ернеуін, біреу иткөйлек, баланы шығарарға арналған көрпелер сұратты. Пандемия аяқталған соң мен ЖК ретінде тіркелдім. Ол уақытта мен тапсырыстарды жалғыз өзім орындай алмағандықтан, өзіммен жұмыс істейтін адамдар іздей бастадым. Айтпақшы, адам іздеп жатқаным туралы хабарламаны да OLX-ке бердім, сол арқылы көптеген адам хабарласты.
Пандемия аяқталып, адамдар ақырындап үйреншікті өміріне қайта келе бастады. Одан кейін униформаларға, мысалы даяшыларға арналған алжапқыштар тігуге көштік. Әр қызметкерге арнайы кестеленіп тігілген алжапқыштар тігетін едік. Ұзынқұлақтың тағы пайдасы тиді: бір тапсырыстан соң тағы тапсырыстар түсе бастады. Біз алжапқыштарды тігудің арнайы спецификасын да меңгеріп алдық: мата қандай болуы керек, мәселен аспаздарға отқа жанбайтын маталар, одан бөлек тігуге болатын маталар деген секілді ерекшеліктерді ескеретін болдық. Алғашқы топтаманы тігіп болған соң, оны OLX-қа салып, келесі тапсырыстарды алдық. Біз мейрамхана бизнесіндегілерге қызмет көрсете бастадық, жеке тапсырыстар түсе бастады. Мата жеткізушілерін таптық. Осылайша, бәрі даяшыларына 4 алжапқыш тапсырыс берген достарымнан басталды. Ал қазір бізге ірі компаниялар да, ірі партияға тапсырыс беретін мейрамханалар желісі де жүгінеді.
Маталар мен оларды жеткізу мәселесі де өте қиын болды. Тиісті стандарттар бойынша ыңғайлы, жайлы үлгілер жасау қажет болды. Барлық үлгіні сынамалар мен қателіктерден өте жүріп, өзіміз жасадық.
Қазір өз франшизамды жасау туралы ойланып жүрмін. Брендім «Қазақстанда жасалған» деп аталады және мен оны дамыта түскім келеді.
- Берік Қасен30 жаста, ұлттық нақыштағы ыдыс өндірісі
Шабытымның басты көзі – менің ісім. Ағаштан жасалған дәстүрлі ұлттық ыдыс өскелең буынның санасына жақсы әсер етеді. Сонымен бірге ағаш бұйымдар жас адамның бойында эстетиталық талғамды қалыптастыруға септтігін тигізеді. Әр үйде қолдан, махаббатпен және адам жүрегінің жылуымен жасалған дүниелер көп болуы қажет деп санаймын. Бұл үйде жақсы, қолайлы атмосфераны жасауға септігін тигізеді.
Оның жанында жиі жүретін болдым. Көп нәрсені түсіне бастадым. Осылайша қаланың қарбаласынан, жалданып жұмыс істеуден алыстай бастадым. Ақыр соныңда ұлттық колөнерге келдім. Досымның үйінде тұрдым. Қарап отырып, астау жасауды үйреніп алдым. Осылай осы іске келдім. Ұлттық колөнермен айналысамын деп нақты шештім. Жұмыс барысында осы қолөнер түрімен ақша үшін айналысатын және сапасыз ыдыс ұсынатын адамдарды көрдім. Бұл менің ашуымды келтірді және мен бұл істі тереңірек зерделей бастадым.
Мәселен, этникалық немістер мен өзге де ұлттар, сондай-ақ шетелдік қонақтар үйіне астау алып кетеді, себебі астау – қазақ халқының әнұран, елтаңба және таудан кейінгі төртінші символы. Мен солай ойлаймын. Астау – әлемнің барлық халқын, даланы, еркіндікті, жан тыныштығын, мәдениетін, бейбітшілікті, достық мен терең ойды сүйетін нағыз қазақтың төртінші символы.
Астау арқылы қазақтардың өмір салтын, қонақжайлылығын, көмекке ұмтылғыштығын тануға болады. Қиын-қыстау тарихи кезеңдерде, аштық кезеңдерінде қазақтар қолында барын өзге ұлт өкілдеріне бөліскен. Сондықтан астау арқылы өзге ұлт ұрпақтары қазақтардың мейірімі жайлы ұмытпайды.
OLX-те мүмкіндік көп. Бірақ көбі біле бермейді. OLX механизмдерін меңгеру үшін интернет-маркетинг бойынша арнайы курстарды оқыдым және солай еткеніме дән ризамын. Сервистің егжей-тегжейін, мүмкіндіктерін білсең, мұнда жақсы ақша табуға болады.
- Дәулет Ерболатов28 жаста, бақша инвентарі өндірісі
Мен өз ісіме қалай келдім? Күнара базарда жұмыс істедім. Бірде, демалыс күні өз контейнерімді ашу туралы шешімге келдім – оны жалға алып, аппараттар сатып алдым, интернеттегі роликтерге қарап дәнекерлеуді үйрене бастадым. Бұған дейін дәнекерлеуді мүлдем білмейтінмін.
Қолымнан келеді екен. Шабыттанып, желіден жаңа видеолар іздей бастадым – мангалдың суретін табам да, тура сондай етіп өзім жасап шығам. Осылайша мангалдар, мангал аймақтарын, орындықтар мен әткеншектер жасаумен айналыса бастадым.