«Жер мені бақсын десең...» Түркістандық кәсіпкер табысты болудың жолдарын айтты
ДӘЛ БАЛА СИЯҚТЫ
«100 мың, 500 мың, 1 млн теңге алған кезім де болды. Ауыл шаруашылығына ақша көп қажет, көрінбейтін шығындар өте көп болады. Оны көпшілік біле бермейді», — дейді Шерметов.
«Қазір маған 10 адам қажет пе, 10 адам жалдаймын. Бәрі осы ауылдың тұрғындары. Бұрындары Өзбекстаннан алып келетінбіз. Қазір тек ауыл тұрғындарын аламыз. Жазда егін егеміз, күзде жинаймыз, қыста малды бордақылаймыз. Одан бөлек, көктемде егін егу үшін жерді дайындаймыз», — дейді ол.
ЖЕР ҰРПАҚТАН ҰРПАҚҚА ҚАЛАДЫ
«Қарбыздар маусымның соңында сатылымға шығады. Бірақ қазір су тапшылығынан олар әр түрлі болып жатыр, сол үшін жұлып тастадық. Жоңышқа, жүгері мен бидайды өз малымызға береміз. Бірақ олар да жетпей жатады, сатып алатын кездер де жоқ емес», — дейді Шерметов.
Кутлимурад Балташұлы мал тезегін егіс алқабына тыңайтқыш ретінде де пайдаланады. Ол жылына жоқ дегенде 50-60 камАЗ қи төгетін көрінеді.
«Өткен жылы 150 камАЗ қи тасыттым. Жерге күтім керек, тоздырсаң қайта қалпына келтіре алмайсың. Жер мені бақсын деген адам бірінші жерді өзі бағуы керек. Жерге азық беруге тиіс. Сонда ғана ол сені бағады. Жер ұрпақтан ұрпаққа қалады, жердің жаманы болмайды. Ал бос тұрған соң тозады, арамшөп басады», — дейді ол.
Осы тұста кәсіпкер KMF компаниясының қаржыдан қиналған сәтте еш қиындықсыз көмектесетінін алға тартты.
Кәсіпкер карантин басталғалы жағдай қиындап, сиыр саууды тоқтатқанын айтады. Нағыз әскери тәртіпті қажет ететін жұмыспен өз сауыншыларымыз айналысатын, дейді ол.
«Сиыр саууды 1 минут кеш те, ерте де бастауға болмайды. Ауылда қайта өңдеу зауытым бар. Сол арқылы сүт сататынбыз. Қазір бір жылдан аса уақыт жұмысы тоқтап тұр», — дейді дихан.
Бұл микрокредит өнімін жұмыс істеп тұрған бизнесі бар немесе ауыл шаруашылығымен, фермерлік қызметпен айналысатын қазақстандықтар ала алады. Өтінімді қарау мерзімі бір күннен басталады. Комиссия жоқ, ал микрокредит алуға өтінімді KMF сайты немесе 7474 байланыс орталығы арқылы беруге болады.
ЖЫЛЫНА 100 БАС САТЫЛАДЫ
Кәсіпкер KMF-тен несиені бір жылда екі-үш рет алған кезі болғанын айтады. Ол несие рәсімдегенде міндетті түрде жоспар болуы керек деп есептейді.
«25 жыл бойы KMF көп адамға көмектесті деп ойлаймын. 50 жылда да осылай клиенттері көп бола берсін. Мен алдағы уақытта да бұл ұйыммен жұмыс істеуге әзірмін. Қаржы деген бизнестің тамырындағы қан десем де артық айтқаным емес. Қаржысыз іс жүрмейді. Шаруа, кәсіпкерлердің бәріне жұмыс жүруі үшін қаражат керек. Ал олардың қолында үнемі ақша бола бермейді», — деп толықтырды ауыл тұрғыны.
Шерметов 24 сағат шаршамастан жұмыс істейді, ол малды түнімен өзі бағудан да қашпайды.
«Бір-екі малды бордақыласаң, қыстай соны бағасың, көктемде сатасың. Малмен айналысатын адам оның тым болмаса бір өнімін өзі өндіруі керек. Жүгері, жоңышқа немесе бидай өзінен болғаны дұрыс. Оның барлығын сатып алсаң, малшы деуге келмейді. Бір сиырдан бастаса, бірден екіге, екіден төртке көбейеді. Бірден көп ақшаға ұмтылып, ақша да төленбей, мал да бағылмай қалуы мүмкін», — дейді ол.
Бүгінде өңірлерді өз өнімімен, ал ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отырған Кутлимурад Шерметов өз ісін ілгерілетуде KMF-тің үлесі зор екенін тағы да айта кетті.

KMF — жетістікке жетелеген
25 жыл
Осы тұста KMF азғантайдан бастап кәсібін жүргізуге ниетті адамдарға қолжетімді қаржыландыруды ұсыну арқылы көмектесіп келеді.
Осылайша, 25 жыл бойы KMF Қазақстан кәсіпкерлеріне қолдау білдіріп, табыстың шыңына жетелеуге әзір екенін дәлелдеп келеді және дәлелдей бермек!
микроқаржы ұйымының қызметін жүзеге асыруға берген #: 02.21.0003.М лицензиясы
Фото и видео: Владимир Третьяков
Монтаж: Марк Бисен
Верстка: Назгуль Адамалиева