Жанар-жағармайдың қымбаттауы инфляцияға қалай әсер етеді

Бірақ, алдымен ең қарапайым мысалды қарастырып көрелік.
Шымкенттен Нұр-Сұлтанға көкөністер мен жемістерді тасымалдауды мысалға алайық.
Жүктің жалпы салмағы – 20 тонна. Арақашықтық – шамамен 1 500 шақырым. Отын шығыны – 100 шақырымға 40 литр дизель. Қарапайым арифметикаға жүгінсек, Шымкенттен Нұр-Сұлтанға жету үшін 600 литр дизель отыны керек.
2020 жылдың қыркүйегінде жанар-жағармай құю станцияларындағы 1 литр дизель отынының бағасы 185 теңгені құрады. Демек бір жыл бұрын жүк тасымалдаушының жанармайға жұмсайтын шығыны 111 мың теңге болды.
2021 жылдың қыркүйегінде жанар-жағармай құю станцияларындағы 1 литр дизельдің бағасы 203 теңге болды. Отын шығыны 121 мың 800 теңгені құрады. Дизель шығыны 10 мың 800 теңгеге немесе 1 тонна жүкке шығын 540 теңгеге артты. Айта кетсек, 1 келі жүкке тасымалдау шығыны 0,50 теңгеден сәл асады. Тіпті, жүк көлігі Шымкентке бос күйде қайтса да, дизель отыны бағасының өсуіне байланысты тасымалдау шығыны 1 келі жүк үшін 1 теңгеден сәл асады.
Осындай қарапайым әдіс арқылы қалаішілік жүк тасымалдары маршруттарының шығынын есептеуге болады.
Жоғарыда келтірілген мысал жүк тасымалы құнының өзгеруін ғана көрсететіні және өнім өндіру кезіндегі шығынды есепке алмайтыны түсінікті. Бірақ отын құнының өзгеруі бұл сегментте жоғары мәнге ие емес деп айтуға негіз бар.
Жанар-жағармай құны және оның бағасының өсуі тұтынушылық секторға қарағанда өнеркәсіптік секторға айтарлықтай әсер етеді.
ҚР ҰЭМ жүргізген күрделі есепке сәйкес, АИ-92 бензині құнының 10 теңгеге немесе шамамен 6,5%-ға өзгеруінен инфляция тек 0,35%-ға өседі.
Мұндай үрдіс ел экономикасының барлық секторында байқалады. Ел экономикасы тек нарық жағдайында дами алады, ал ол дамыған сайын халықтың табысы да өседі. Осы орайда, көп ұзамай жанар-жағармай құнының өсуі ел экономикасына айтарлықтай әсер етеді деген жаңсақ пікірден мұнай саласының арыла алуы қисынды болмақ. Себебі, бағаны тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құны ғана емес, әрі осы тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге сұраныс та қалыптастыранын есепке алған жөн», — деп түйіндеді сарапшы.
Верстка: Назгуль Адамалиева