KzylOrda - ни дня без инсайда

Алматының қай көшелерінде жол апаты жиі болатыны анықталды

Алматы Полиция департаменті жол апаты жиі болатын Алматының ең қауіпті көшелерін атады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы полициясының ресми өкілі Салтанат Әзірбектің мәліметіне сүйенсек, қалада апаттылыққа арнайы талдау жүргізіліп, аудандар бойынша ең апатты учаскелер анықталған:

  • Алатау ауданы — Райымбек даңғылы, Рысқұлов көшесі, Солтүстік айналма көшесі;
  • Алмалы ауданы — Төле би даңғылы, Сейфуллин даңғылы, Байтұрсынов көшесі;
  • Әуезов ауданы — Абай даңғылы, Алтынсарин көшесі, Райымбек даңғылы;
  • Бостандық ауданы — Әл-Фараби даңғылы, Жандосов көшесі, Жароков көшесі;
  • Жетісу ауданы – Ангарская көшесі, Солтүстік айналма көшесі, Жансүгіров көшесі;
  • Медеу ауданы — Достық даңғылы, Құлжа трактісі, Халиуллин көшесі;
  • Наурызбай ауданы — Жүнісов көшесі, Ташкент трактісі, Әшімов көшесі;
  • Түрксіб ауданы — Сүйінбай даңғылы, Шолохов көшесі, Майлин көшесі.

Естеріңізге сала кетейік, сәуірде Алматы полициясы жол-көлік оқиғалары ең көп болатын тәулік деп бейсенбіні атаған еді.

На верх