KzylOrda - ни дня без инсайда

Былтыр еліміз бойынша 41 мыңнан астам адамнан онкологиялық ауру анықталған

Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 5,7%-ға көп, дейді мамандар. Бір жыл ішінде осы дерттен 13 мыңға жуық адам көз жұмған.

Дәрігерлер дер кезінде қаралу арқылы дерттің қаупін азайтуға болатынын айтады. Уақытылы скринингтік зерттеу жүргізу аса маңызды, деп жазады qazaqstan.tv.

Бұл туралы Алматыда өткен онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудегі инновациялар туралы баспасөз мәслихатында айтылды.

"Қазақстанда бірінші орында сүт безінің қатерлі ісігі. Екінші орында колоректальды рак. Бұл тоқ ішектің ауруы. Үшінші орында өкпенің қатерлі ісігі. Қазір мысалға, соңғы дерктер бойынша 30,5% екінші стадиялар жақсы анықталып жатыр. Ертерек анықтасақ емнің нәтижесі жақсы болады."Толқын Садықова, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының онколог дәрігері

Сурет: pixabay

На верх