KzylOrda - ни дня без инсайда

Американдықтардың қатысуымен Павлодар облысында жаңа жоба іске қосыла ма


Павлодар облысында мұздатылған картоп өндіру бойынша жобаны іске асыру тоқтатылды. Бұл туралы LS-ке ауыл шаруашылығы министрлігінде хабарлады.

Айта кетейік, 2022 жылдың қараша айында АҚШ компаниясымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған болатын.

"Жоба қазіргі уақытта инвестор тарапынан өңірлік әкімдікпен қолданыстағы заңнамаға сәйкес жер учаскесін бөлу туралы мәселе шешілгенге дейін тоқтатылды", -делінген редакцияның сұрауына жауабында.

Жоба Ақсуда 2024 жылы жүзеге асырылады деп күтілген. Сондай-ақ, мұздатылған картоп шығарумен қатар, Павлодар облысында шикізат өнімдерін сақтау қоймаларын салу жоспарланды.

Ақсу әкімдігінде LS-ке қала аумағында үш жер учаскесі ұсынылғанын хабарлады. Өндірісті іске қосу мәселесі компанияның қарауында.

Өз кезегінде өңірлік әкімдікте жоба қазіргі уақытта іске асырылмай жатқаны айтылды. 2023 жылдың наурыз айында американдық компаниямен бірлесіп ынтымақтастық және кәсіпорын ашу мәселелерін пысықтау бойынша жұмыс тобы құрылған.

"Инвестормен кездесу өтті, онда жерді жеке меншікке немесе жалға сату туралы шарт қойылды. Алайда, ҚР заңнамасына сәйкес, шетелдіктердің қатысуы бар компанияларға учаскелерді жеке меншікке немесе жалға беруге тыйым салынады. Басқа шарттарға инвестор келіспеді", — деп түйіндеді әкімдікте.

Естеріңізге сала кетейік, аталған нысанды іске қосуға $20 млн инвестиция салу көзделген болатын. Кәсіпорында 100 мың тонна картоп өңдеу жоспарланды.

Похожие материалы (по тегу)

На верх