KzylOrda - ни дня без инсайда

Алдағы демалыс күндері 25-30 градус аяз қайта оралады

Қазгидромет синоптиктері 6-8 қаңтарға арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады.

Алдағы күндері белсенді Атлантика циклоны және одан туындайтын атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қар, оңтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

6 қаңтарда солтүстік-батыста қалың қар жауады, оңтүстікте де мол жауын-шашын болады.

7-8 қаңтарда солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта қатты қар жауады.

Жауын-шашынмен қатар республиканың солтүстік жартысында көктайғақ пен боран соғады.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Елдің батысына, солтүстік-батысына, солтүстігіне және шығысына Солтүстік-батыс антициклонының ықпалымен суық ауа массалары келеді.

Осының салдарынан ауа температурасы күрт төмендейді.

Батыста және солтүстік-батыста түнгі уақытта күн райы 8-25 аязға дейін, солтүстікте 5-30 аязға дейін, ал республиканың шығысында 5-18 аязға дейін суытады.

Оңтүстік өңірлерде түнгі температураның негізгі фоны минус 5 және плюс 7 градус шегінде болады.

На верх