Алматы облысында полицей өзіне қол жұмсады
|
Алматы облысында полицей өзіне қол жұмсады, — деп хабарлайды Caravankz медиа порталы Tengrinews.kzке сілтеме жасап. Облыстық полиция департаменті мәліметінше, өзін-өзі өлтіру дерегі бойынша жан-жақты тергеу басталды.
Балқаш аудандық полициясына аурухана фельдшерінен аудан орталығындағы пәтерлердің бірінде 31 жастағы полицейдің өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігі ("Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша тіркелген.
"Қайтыс болған азаматтың отбасылық қарым-қатынасында жеке проблемалары болған, ол да қылмыстық істі тергеу аясында тексеріледі. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеті толық жүргізіліп, жан-жақты және объектив тергеуді қамтамасыз ету үшін сараптама тағайындалған", — деп хабарлайды Алматы облысының Полиция департаменті баспасөз қызметі.
Тергеу барысы облыстық полиция бастығының бақылауына алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 201-бабы шеңберіндегі өзге мәліметтер жарияланбайды.